ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Ұлтшылдар


Татарым, өлуге сен жаіын іалдың,
Ауырып, бас көтермей жатып алдың.
Тыпырлап жол үстiнде ышіынасың,
Үстiнде аунап бiттiң тозаң, шаңның.

Сенi алдап ұлтшылдар іылмыңдайды,
«Жазылдың аурудан!» — деп жылмыңдайды.
Алданба. Алады олар бар малыңды,
Басыңда ясин оіып мылжыңдайды.

Күресiп, іарсы тұрмай жазылмайсың,
Мың аят оіыса да, азѓындайсың,
Кеменi жұтам деген керметтi, — (1)
Өлтiрген батыр ердей бар ма, іайсың?

Ұлтшылдар аса жалтаі, іоріаі таѓы,
Өтiрiк «ұлтым» деген жортаітары.
Іораздай күжiрейiп жүрсе даѓы.
Тек іана, ойлаѓаны — жан саітауы.

Алданба. Сен оларѓа име басты,
Ұлтшылдар  елдi алдайтын сұм, албасты.
Мейлiң өл, мейлiң тiрiл, керегiң жоі,
Алданба. Ол албасты, Ол албасты!

Мен, сiрә, асіаітатып, асырмаймын,
Сырымды өз елiмнен жасырмаймын.
Кетсiн ол, шәкiрт болып дұѓа оіысын,
Үймелеп денесiне өлген байдың.

«Ұлтым!» дер, өтiрiк пе? Я, шыны ма?
Өздерiн шебер олар жасыруга.
Сөз айтсаң, іарсы тұрып, сенi сабап,
Даяр тұр мойыныңнан асылуѓа.

Одан да батыр керек бастар елдi,
Іалайда табу керек сондай ердi.
Іұрбансыз хаж, дәретсiз намаз болмас,
Адаспа, жолыңды тап, халіым, ендi!

 

(1) «Кемедегi керемет» дейтiн бiр аңызда: дарияда жүзiп көле жатіан кеменi балыі па, басіа бiр түрлi хайуан ба, жұтпаішы болыпты. Сонда кемеден бiр ер (батыр) шыѓып, әлгi хайуанды өлтiрген екен.

1908

Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Милләтчеләр" шигыре).

(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

 

Комментарий язарга


*