ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Бiр молланың зары

Ей, іұдайым! Әуелде, пендеңе іұрмет бар едi,
Сәлделiге абырой да, іадiр-іұрмет бар едi.
Халыі менiң айтіанымды, әсте екi етпейтiн,
Бұл дүниеде жұмаі таѓы, байлыі, дәулет бар едi.
Ешкiм маѓан сөз айтпайтын, іараны да аі десем,
Шiркiн күндер, дiн исламѓа, бәрi де бойсұнар едi.
Ол заманда, әркiм даѓы өз iсiмен болатын,
Хазреттердi тексеретiн, мұндай сұмдыі бар ма едi!
«Ендi аѓару керек» дейдi, мен оіыттым жетпей ме,
«Мұхтасар» дың (1) хайыз, дэрет оіылатын бабы едi.
Имансыздар, тар шалбарлар дәл кәпiрге ұісаѓан,
Бұларда бiр мұсылманѓа іандай іұрмет бар едi?
Ұйітап жатіан татарларды оятіан да осылар,
Өттi күндер, хазретке сый, раіат та бар едi.
Сезбейтұгын ешкiм даѓы алдауымды, айламды,
Iзгi, пәк жан деп молланы сыйлау әдет бар едi.
«Сен кәпiр» деп іоріытушы ем бiреу әдiл сөз айтса,
Сырымды ашар, іарсы тұрып іандай батыр бар едi?
Бар мұсылман осы бұзыі жастар сөзiн тыңдайды,
Өттi ол күндер, маѓан ерiк, іызыі, пұрсат бар ёдi.
Ылай судан аулап едiм, раіаттана балыіты,
Ол уаіытта ел іараңѓы, надандыі та бар едi!

 

(1) Мұхтасар — ескi дiн кiтабы.


1908


Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Мулланың зары" шигыре).


(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

Комментарий язарга


*