ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Күмандану

Бiр тыіырды есiтсем, аузыма жаным келгендей,
«Әлде менi ұрсуга, айбынды арым» келгендей.

Жатсам-тұрсам көрдiм бе, бiр iзгi iс дүниеде,
Тагы да менi азѓырып, сайтандарым келгендей,

Не көрдiм, мен бұл жаһанда, не бiтiрдiм? Ойласам:
Көз алдыма жолдан тайып іалѓандарым, келгендей…

Жырладым мен, бiраі, жырдан пайда бар ма халіыма?
Көктен түсiп яки сайтан, елһамдарым келгендей?

Мен акынмын, жыр жазамын, өлеңменен әуре боп,
Іатар пiзiп бiр-бiрiмен диуандарым (1) келгендей?

Мен сеземiн, дүние маѓан бейне жалын, тамұітай,
Өлең жазсам жұмаітаѓы ризуандарым (2) келгендей.

Бейне гүлдi баішадайын әрбiр жазѓан іаѓазым,
Әрбiр харп елестетер, ѓелмандарым (3) келгендей,
 
Жазылды жыр, басылды о да, түстi іайѓы басыма.
Ұсаі-туйек өлең жазып ат алѓаным, келгендей.

Өзiме мен риза да емен, жазѓаннан соң таѓы да,
Кемшiлiгiн оймен сезiп арланѓаным, келгендей.

Кей мезгiлде игiлiктен үмiтiмдi үземiн,
Әлдеіайдан соѓан іарсы, нұрлы ыібалым (4) келгендей.

Жүрегiме іұйылып нұр, жалынды үмiт шарыітап:
Көз жасымды сүртуге менiң сүйген жаным келгендей.


(1) Диуан — жинаі, (өлеңдер яки проза жинаѓы).
(2) Ризуан — жұмаі, перiштелерi.

(3) Ѓелман — жұмаітың сұлу жiгiттерi.
(4) Ыібал — жарыі кундi келешек.


1909


Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Тәрәддөд вә шөбһә" шигыре).


(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

.

Комментарий язарга


*