ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Кярханада


Күндiз жұмыс, кешке жұмыс,
Минут та жоі бiр тыныш.
Аждаһадай машина!
Іарауѓа да іоріыныш.

Жаһаннамдай тiптi ыстыі,
Іайнаѓан бiр жез, баіыр.
Ылѓи iстеп жатіаны,
Іұл жұмысшы, ол паіыр.

Әбден арып өзi де,
Сарѓайыпты жүзi де,
Бүкiрейген белдерi,
Нұры кеткен көзiнде.

Түтiн, түтiн бiр түтiн!
Тұншыітырып кеттi тым…
Дүрсiлдейдi күпшiктер,
Іалмай зәре бiр іұтың…

Іашсаі па екен бiз мұнан,
Ұлы тамұі буынан!
Кетсек пе екен бiр жерге,
Жазыі дала, белеңге.

Осындай жер іайда екен:
Сайраѓан іұс бар ма екен?
Онда — бидай өсетiн,
Онда — жемiс пiсетiн!


(1) Кярхана — үлкен мастерской, завод-фабрика.


1909


Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Кярханәдә" шигыре).


(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

 

Комментарий язарга


*