ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Сұбханалла, сұбханалла


Оіытты менi молда. Бала күнiм,
Үйреттi маѓан бiр сез дұѓалыѓын:
«Сұбханалла дөп айту парыз» — дедi
«Көргенде жаңа туган айдың нұрын».

Жаңа ай, әріашан да туѓанында,
Болмаса дөңгеленiп толѓанында,
Іараймын, әлсiн-әлсiн хайран болып,
Деймiн мен: «сұбханалла, сұбханалла!..»

Содан берi бұл дұѓа әдет болып,
Бойыма сiңдi менiң әдеп болып.
Кей кезде шын жүректен айтамын мен,
Молдама рахмет оіып, көңiлiм толып.

Көрсем мен кей уаіытта сүйгенiмдi,
Жолына, ѓашыі болып күйгенiмдi.
Молда — екем! Сонда тiлiм күрмелген соң,
Айтам  мен, «сұбханалла».. бiлгенiмдi…

Ұісайды толѓан айѓа басы да оның,
Жаңа туѓан айѓа ұісас іасы да оның,
Таң іалып іараймын да, мен де оѓан,
Оіимын: «сұбханалла, сұбханаллам!»

Сұлуды көрсе егер Ѓәйнитдиндер,
Жай ѓана Іұтбуттиндер, Шәмсүтдиндер.
Бұларга сұбханалла айту іайда!
Бiлмейдi, оіымаѓан. Ендi не дер?

Молда-еке, мен де солай надан болсам,
Мен сiзден оіымаган адам болсам,
Айтар ем мен солардай бiр-екi-аі сөз:
«Па, шiркiн, іандай сұлу оңбаѓан іыз!»


1909


Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Сөбханалла, сөбханалла" шигыре).


(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

 

Комментарий язарга


*