ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Пар ат


Жектiрдiм пар ат, Іазанѓа тұп-тура кеттiм іарап,
Ойнаітап аттар, делбенi іаѓып, кучер де отыр іамшымен сабап.

Күн кеш едi. Нұрын шашып, еркелеп іана ай баліыды.
Сылдырлап жапыраі, теңселiп аѓаш, соіты аіырын жел саліыны.

Болды жым-жырт. Тек іана ойым жырлаѓандай әлдененi
Көз iлiндi, болдым мең-зең, келдi ұйіы басты менi.

Бiр уаіытта көзiмдi ашсам, келiппiн бiр жат далаѓа,
Туѓан елден айрылдым-ау, не iстеймiн мен жат далада.

Сау бол ендi, іош, аман бол, уа, менiң туѓан жерiм.
Ой артынан ой жетектеп, ойдан тұзаі іүрѓан жерiм.

Өммр сүрген әсем іалам, ендi алыста іалдыңыз,
Әдемi үйлер, таныс жұрттар сен де алыста іалдыңыз.

Iшiм пысты, күйдi жүрек, іайсiретпенен жанамын,
Достар да жоі, тек іана өзiм, оймен ѓана іаламын.

Бұл не сұмдыі, кучерiм де үндемейдi ол таѓы,
Жырланбайды бiр сұлудың жүзiгi, я іалпаѓы.

Бiр нәрсем кем, бiр нәрсем жоі, жоѓалѓандай мүлде тым,
Олай емес, бәрi де бар, тек достар жоі, мен жетiм.

Танысым жоі, мұнда менiң: бұл Меңѓали, Бекмолла кiм?
Бекмұхаммет, Бектемiр кiм? — Танымаймын әлдекiм!

Іиын екен, туѓандарым! Кеткеннен соң сiздерден,
Күнсез, айсыз іалдым мiне, айрылѓан соң сiздерден.

Бас іаңѓыды, түстiм ойѓа, әуре болдым өзiммен,
Кеттi парлап жасым агып, мөлт-мөлт етiп көзiмнен.

Үн келедi іұлаѓыма, естiлгендей бiр заман:
«Ей, шәкiрт! Тұр! Жеттiк ендi жаіын іалды!» — деп «Іазан!»

Сүйкiмдi үн ашты көңiл, іуанѓаннан мен және
Деппiн: «Кучер, іамшыла атты, жет Іазанѓа! Нә! Нә! Нә!»

Таңертеңгi намазѓа, айтылады әндi азан,
Ей, Іазан, сәндi Іазан, сырлы Іазани, нүрлы Іазан!

Бұл Іазанда бiздiң ата, бабамыздың үйлерi.
Бұл Іазанда жұмаѓыңның тәттi әндi күйлерi.

Мұнда ѓажап, мұнда жұмаі, мұнда сәуле, мұнда нұр.
Жұмаітаѓы нэзiк белдер сылаң іаѓып мұнда жүр!

 

1907

Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Пар ат" шигыре).

(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

 

Комментарий язарга


*