Тұрасың дүниеде кiсi алдасаң,
Жолына жаісы адамның түсе алмасаң.
Сайтандай өз арыңнан өзiң безiп,
Өзiң алдап, өзгеге алданбасаң.
Арыңнан, өз нәпсiңдi кемсiнбесең,
Жарлы мен кедейлердi менсiнбесең,
Тек іана іүлңыныңның ңамын ойла,
Әйтпеее, адал тамаі, жейсiң бе, сен?
Байларды шешен сөзбен маітап тұрсаң,
Маітауды табан жалап аітап тұрсаң.
Шын сөздi, адалдыіты былай іойып,
Әріашан арамдыіты жаітап тұрсаі!
Болсаң да өзiң дiнсiз, «дiн», «дiн» десең,
Жек көру жарлыларды дiннен десең.
Жолым бар, баѓытым бар, iсiм айіын,
Дүниеде тек адал жан менмiн десең.
Көлгiрсiп, капиталды езу десең,
Шын өмiр хазреттерден безу десең,
Алдаудың, арамдыітың жолын көздеп,
Іисыіты барып тұрѓан түзу десең.
Шындыіты бастан аттап арамдасаң.
Ойла оны абаітыѓа іамалмасаң.
Жалаңаш, аш адамѓа іолың сiлтеп,
Әруаіыт өтiрiкпен арандасаң.
Ар деген, ұят деген, намыс деген,
Жұмысың болмасын бiр намыспенен,
Адалдыі, арамдыіпен іосылѓан соң,
Не керек іұран оіу, хадиспенен! (1)
Тұрасың дүниеде арды сатсаң,
Өмiрде іұйрыѓыңды бұлѓаңдатсаң.
Алдасаң, алданбасаң дүние жұмаі,
Осылай раіаттана сен де жатсаң.
Мен бiлем, бұл тiлiмдi алмайсың ѓой,
«Алам» деп кейде менi алдайсың ѓой,
Іояндай іоріаі жаның, зәрең ұшып,
Әшейiн іұр тiлiңмен арбайсың ѓой.
Ендеше ел, топыраііа бер тәнiңдi,
Жүрекке сұііан артыі іанжарыңды,
Жер шары! Мен үстiнде жүргенiмнен
Астында артыі көрем іалѓанымды.
Бiлсем мен адалдыіты сұрастыра,
Шыіпастай көмiлiптi, жер астына.
Іосылып о дүниеде шыѓармыз бiз,
Тез көмiл, тезiрек кiр жер астына!
Хош боп тұр, досым менiң, өлем дарда,
Тойынсын тәнiмдi жеп іұзѓын, іарѓа.
Тұрмаймын, бұл дүниеден іайтты көңiл,
Бекер-аі туѓан екем, амал бар ма?
Хадис — пайѓамбар сезi.
1907
Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның ""Дөньяда торыйммы?" дип киңәшләшкән дустыма" шигыре).
(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).