ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Бiр газеттiң редакциясе жайында


                           I
Аіша керек. Мереке іалды жаіын,
Жазушылар сұрайды іалам аіы.
Дүрдиiп, ызаланѓан іасіырдай боп,
Бастырушы (1) сандалды. Касса таіыр.

Машинист, корректорлар келген бәрi,
Бiр топ боп сандалады бұлар даѓы,
«Аіша бер, аіша керек» деп айіайлап,
Іысады байды аліымдап олар таѓы.

«Мен ертең базар шыгып, етiк алам»,
«Мен даѓы амрикан шетiк алам» (2),
«Барамын мереке күн ауылѓа…» деп,
Жан-жаітан байды іысып, салады «лаң»

Аларып байдың даѓы екi көзi,
Сасады. Іалжырады әбден езi,
Іалшылдап, ашу басып, дiр-дiр етiп
Байдың да шаршап тұрѓан бұл бiр кезi.

Дейдi, бай: «Тез, счет жаз Шаліановіа,
Мансуров, Зәйнуллинге, Таліановіа,
Кiм едi?.. Эне, бiреу, ұмытыппын…
Жаз, счет Петербурѓа, Балхановіа!..»

—  «Жазѓанмен оларда жоі аласымыз,
Болмаса, борышымыз, таласымыз,
Үйiмде бiр іайнатым шайым да жоі,
Бес, он сом маѓан даѓы іарасыңыз!»

Байдың да тиышы кетiп іұлаѓының,
(Орны бар әркiм аіы сұрауының.)
Мазасы кеткеннен соң, шыіты, іашып,
Артынан іуды байды… тұра мұның…

                         
II

Іуанѓан әркiм бүгiн мерекеге,
Сәнденген, киiм киген, мерекеде…
Аіша жоі, киiм де жоі, не тамаі жоі,
Бұларга мереке күн мереке ме?

Бұларѓа іайѓы төндi мереке күн,
Кедейге несi іызыі мерекенiң?
Мейлiң күл, мейлiң жыла мереке жоі,
Үйiңде отырасың. Шыіпайды үнiң.

Достым-ау, саѓан айтар бiр кеңесiм:
Мен сiзден жасырайын мұның несiн,
Татарѓа баспа орны болсын талаі,
Сат та тұр одан даѓы араі, шарап.

(1) Бастырушы — сол кезде жеке меншiктi кiтап бастырушы (издатель) бай.
(2) Амрикан шетiк (татарша) — көк сауырмен сыздыітаѓан әдемi кебiс, мәсi.

1907

Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Бер гәзитә идарәсе хәленнән" шигыре).

(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

 

Комментарий язарга


*