Іара беттер даурыѓады халіымызды үгiттеп:
— «Мұнда не бар, сұлтанѓа бар, онда саѓан ерiк!» деп.
Кетпеймiз бiз, кетпеймiз бiз!.. Мұнда болса, тыңшы он.
Он орнына, іаптап кеткен онда — он бес шпион!
Оларда бар мұндаѓыдай казактардың әскерi,
Дүре соѓар іамшы даяр, тек басында фәстерi!
Шүкiр алла! Оларда да ел тонаушы табылар!
Шүшкiр алла! Халыіты алдап, жер тонаушы табылар!
Бiз есалаң емеспiз ѓой, көрiне отіа түсетiн,
Отіа жанып, жан іиналып, зәһәрлi удан iшетiн.
Мұнда тудыі, мұнда өстiк, бiз, өлгенше мұндамыз,
Кетпеймiз бiз, Россиямен іосіан бiздi алламыз.
Маісатымыз: болар әлi — ерiктi, ұлы Россия!
Кетпеймiз бiз, туѓан елден, даңіымыз зор Россия!
Жауабым сол, осы жырды, бердiм, мiне, баспаѓа:
Если лучше, вам туда, пожальте сами господа! (1)
(1) «Ей мырзалар! Егер Түркияда жаісы, іолайлы екен, өздерiң-аі барыңдар!» деген маѓнада. Ѓ. Тоіай өлеңнiң бұл жолын орысша өзi жазѓан.
Ескерту: 1905 жылдан кейiн татардың түрiкшiл, ұлтшыл оіыѓандары, iрi байлары: «Түркияѓа көшелiк. Түркия сұлтаны Ѓабдулхамитке баѓыналыі» деп, халыіты азѓырып, үгiттеген болатын. «Кетпеймiз!» өлеңiн Тоіай соларѓа арнап шыѓарѓан.
1907
Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Китмибез!" шигыре).
(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).