ТАТ РУС ENG

Сабыр Мурат Ѓ.Тоіай поэзиясындаѓы әйел теңдiгi мәселесi


Тегiнде әрбiр ұлттың тасын өрге сүйрейтiн, өз халіының арман, маісатын кас үлектен туѓан іатептi іара нардай аріалап, таң шолпандай арайлана жаріырап, болашак үшiн күресетiн азаматтары болады. Осындай өз дәуiрiнiң бiрегей перзенттерiнiң бiрi, өртенге өскен өлең шөп – татар аіыны Ѓабдолла Тоіай едi.
Болашаі, аіын медреседе оіып жүргенде де өзi іатарлы замандастарынан өресi биiк, зерделi шәкiрт болды. Шәкiрт кезiнен медресе оіуын мiсе тұтпай европалыі мәдениетке ұмтылып, орыс тiлiне, орыс әдебиетiне ден іойды. Әсресе, орыстың ұлы аіындарымен, атап айтсаі Пушкин, Лермонтов, Жуковский, Майков творчествосымен танысуы жас аіынга канат бiтiрдi. Оның теңдесi жоі ұлы аіын Пушкинге «рахмет сiзге, сенiмен ойым бiрге, жан бiрге» деп жазуы сондыітан.
Ел іамын жеген ер, аѓартушы Ысмаѓил Гаспринский өзiнiң «Орыс iшiндегi мұсылмандар» атты маіаласында былай деп жазады: «Осы күнге дейiн орыстардың татарларѓа үстемдiгi, менiң бiлуiмше, мына ретпен жүзеге асып келедi: мен билептөстеймiн, сен барыңды төлейсiң, іалай өмiр сүрiп, күн көрудi калауың бiлсiн. Бұл өте оңай, бiрак барып тұрѓан маѓынасыз тiрлiк». Алдыңѓы іатарлы түркi зиялыларының осындай пiкiрлерiн бойына тоіып, маѓынасыз тiрлiкпен күресуге белiн буѓан, Пушкин, Лермонтовтың азаматтыі поэзиясын оіып, революцияшыл-демократиялыі идеясымен рухтанѓан жалынды жас аіын 1907 жылы ѓылым мен мәдениеттiң орталыѓы Іазанѓа іоныс аударады. Әдеби, саяси өмiрге іызу араласіан іаламы іарымды Ѓ.Тоіай әр түрлi таіырыпта өлеңдер жазды. «Шынын алѓанда, ең ұлы да, алып та, от  – жалындай ыстыі та, ән  – күйдiң кұдайы да, жазушы да, аіын да халыі» дегендей Ѓ.Тоіай не жазса да халыітың арман мүддесiн, маісатын жазды. Бұхарашыл аіынның ерекше көңiл аударган жайы  – әйел проблемасы. Я, XX ѓасырдың  басында бүкiл шыѓыста, іала бердi түркi әлемiнде әйел жайы негiзгi проблема болатын. Бұл мәселеге зиялы кауым да, адам жанының инженерi жазушы мен аіын да соіпай кете алмайтын. Өз тұсында «әйел басындаѓы сасык тұман айыіпай халыііа адамшьшыітың баіытты күнi күлiп карамайды. Ал, казаі, мешел болып іалам демесең, таѓлымыңды, бесiгiңдi түзе. Оны түзеймiн десең, әйелдiң халiн түзе» – деп М.Әуезов айткандай Ѓ.Тоіай да бұл мәселеден сырт іала алмады.

Сүйемш іиылѓан ай – іасыңызды
Ѓазиз бас, дудыраѓан  шашыңызды.
Ұнатам балдан тәттi сөзiңiздi,
Жакұттай жарі–жұрі еткен көзiңiздi,
Сүйемiн кәусардан пәк ернiңiздi,
Сөкпессiз маітаѓанда ендi бiздi, –

деп акын жырлаѓан татар аруының басында зiл батпан надандыі бар едi. Осы надандыі Ѓ.Тоіайдың жанына аяздай батып, кайтсек татар іыздарын бiлiмге, тендiкке, бостанлыііа жеткiземiз деген аяулы арманы оның әр өлең   жолдарынан төгiлiп тұр.
«Надандык, аіыл мен сезiм жұтаңдыѓы іазiргi кезде моральдыі кемiстiк болып отыр» – деп белгiлi аѓартушы В.А.Сухомлинский айткандай сол «моральдыі кемiстiк» XX ѓасыр басында барлыі түркi әйелдерiне тән едi. Сондыітан да Ѓ.Тоіай «Татар іыздарына» деген өлеңiнде:

Іалдырѓан көңiлiмдi наданлыѓын,
Камалып іаранѓыда, іараң күнiң.
Бiрде – бiр ұнатпаймын абыстайды,
Сiздердi алдап-арбап кем ұстайды.

Адасып, наданлыітан сабаі алып,
Мәңгiге іор боласыз, надан іалып.
Бұѓаудан кұтылатын кезде келдi,
Талпынап, бұл іорлыііа төзбей ендi, –

деп жырлап, татар іыздарына оіыѓанның бетi жарыі, оіымаѓанның бетi көн шарыі екенiн түсiндiрiп, баіыт жолында күресуге шаіырады.
Ѓ.Тоіай елдiң мәдениеттiлiгi, өркениеттiлiгi әйелге деген көзіарастан көрiнетiнiн ерте сезiнiп, әйел еркiндiгiн ту іылып көтерген. Ол «Әйел бостанлыѓы» атты өлеңiнде:

Бостандыі, теңдiк керек әйелдерге!
Ойымда, күнi-түнi ұран менде.
Бұл жолдан бас тартпаймын, болса соѓыс,
Әйелдер теңдiгiн үшiн өлу борыш.
Уа халыі! Әйелдерге жол берiңдер,
Жаса әйел дүниенi! Көгерiңдер!
Жартымыз – бiздiң әйел дүнисi!
Шартымыз – азат әйел дүниесi! –

деп болашаіта азат әйел дүниесiне негiзделген іоѓамды аңсайды. Ал бостандыі, оны кiм сұраса, соѓан берiлмейтiнi белгiлi. Бостандыі – кұдайлардың сыйлыѓы емес. Ол  – күрес бұріасынында, жан төзгiсiз азаптарда дүниеге келген халыі перзентi, ол іанмен жуылѓан, онда мылтыі дәрiсi, тутiнiнiң  иiсi бар. Сондыітан да Ѓ.Тоіай әйелдер теңдiгi үшiн өлу борыш дейдi. Өйткенi әйел көктен түскен жок, ол еркектiң  баласы, еркек жерден шыііан жоі, әйел онын анасы емес пе. Әдiлетсiз іоѓамдыѓы әйел таѓдырына торыііан, әйелдiң  ѓазиз басын арашалауѓа жол iздеген жаны нәзiк, сөзi жүзiс сыршыл аіын кейде мұңга да берiледi:

Дiңгекке сыртта сүйенiп тұрсың
Жапыраі өңдес сап-сары жүзiң.

Көрген сон сенi, бұзылды көңiлiм,
Мұңайып жүдеу іарайды көзiң.
Көрген соң сенi, бұзылды көңiлiм,
Мұңайып жүдеу іарайды көзiң.

Сезер ме ең, шiркiн, зар көңiл аіын
Іасыңнан сенiң барады өтiп,
Іор болѓан халiң җiбердi сол сәт
Жүрегiн оның жаралы етiп.
«Іор болѓан татар іызына».

Кеудесiнде халыііа айіара ашылѓан терезесi бар өршiл аіын болашакка сенiмдi. «Татар жастары» өлеңiнде

Бiлсiн елiм, бiлемiн атар таң барын
Жалтылдап алмас, сермедер күрес канжары,
Кимесiн сорлы ел іоладан жүзiк іолына
Бiз бармыз-алмас, іиятын жанды жолына –

деп кырандай күштi іанатты жастар атынан ныі сенiммен үн іатады.
Аіын ол да ең алдымен жұмыр басты адам. Ал, ең бастысы, ол игi iсiмен шын мәнiндегi азаматтыітың озыі үлгiсiн көрсете бiлсе сонгда ѓана аіын баѓының жанѓаны емес пе. Бұл тұрѓыдан келгенде Ѓ.Тоіай азаматтыітың озыі үлгiсiн көрсете бiлдi. XX ѓасыр басындаѓы түркi халыітарының бәрiне ортаі мәселелердiң бiрi «Әйел бостандыѓын» ту іылып жырлады. Өмiрде ерте кеткен аіын социализм дәуiрiнде арманының жүзеге асіанын, әйелдердiң бостандыі алѓанын көре алмай кеттi.
Ф.Энгельс «Философия Гегельмен аяіталды» деген сияіты көп нәрселер өмiрде шешуiн тапіанмен Ѓ.Тоіай көтерген әйел проблемасы түркi әлемiнде, іала бердi өзiмiздiң іазаі елiнде түбегейлi шешiлдi деп айту іиын. Кеңес үкiметi тұсында бостандыі алды деген әйелдерiмiзге еркекпен тең праволысың деп дүрiлдетiп трактор, комбайын айдатып, жер жыртіызып іойѓанымыз таѓы бар. Іысіасы іазаі әйелiнiң алдында бесжылдыі жоспар, артында мас Тоітар, йыѓында тентек торѓын, екi іолында іоржын болатын. Ал іазiргi нарыітыі экономика дәуiрiнде үйдегi ойды базардаѓы нарыі бұзып, базар – аішалыѓа базар, аішасызѓа назар болып тұрган заманда іазаі әйелiнiң проблемасы күн сайын күрделене түсуде. Тау көтерген Толаѓайдай бiр іиырдан екiншi іиырѓа жүк көтерiп, бiрде иiп, бiрде иiлмейтiн сауда деген сиырды сауып жүрген іазаі әйелiнiң проблемасы шаш етектен. Сондыітан Ѓ.Тоіай XX ѓасырдың басында көтерген әйел мәселесi XXI ѓасырдың басында да күн тәртiбiнен түспек емес. Сондыітан Ѓ.Тоіай шыѓармаларын іайтадан бiр оіу, саралау, ой түю әр бiр әдебиет сүйер адамның парызы болмаі. Өз дәуiрiнде патшалык, миссионерлiк Россиядан жиренiп, Пушкин мен Толстойдың Россиясынан үйренген Ѓ.Тоіай поэзиясы көптеген халыітар аіындарына рухани мектеп болды. Бұл жөнiнде көрнектi іазаі жазушысы Сәбит Мұіанов былай деп жазды: «Ұлы Октябрь алдындаѓы он жылда түркi тiлдес халыітардың көптеген аіын жазушылары Тоіайдың әдеби мектебiнен өттi, одан көркемдiк шеберлiкке үйрендi, соның шәкiрттерi болды. Башіұрт жазушысы Сайфи Іұдаш, іазаі, жазушылары Слтанмахмұт Торайѓыров, Сәбит Дөнентаев, Бейiмбет Майлин, іырѓыз жазушылары Ишанѓали Арапбаев пен Іасым Тiнiстанов, өзбек Шолпан мен Абдулла Іадыри, тәжiк Садриддин Айни мен Рахим Задэ, түркiмен жазушысы Бердi Кербабаевтың әдебиет дүниесiне алѓаш іадам басуына Ѓабдолла Тоіайдың игi әсерi болды».
Ѓ.Тоіай шын мәнiнде өз ұлтының озыі ойлы, азамат аіыны. «Бiздiң татар арасында оіыѓандар толып жатыр, оіыѓандар болса да кiсiлiктен таза-таіыр», – деп аіынның езi айтіандай шен мен шекпегенге іызыіпай, ұлы империяѓа көсеу болмай, өз жұртының көсемi болып, халыі мұнын мұңдап, жоѓын жоітап, іолтыѓына демеу, көңiлiне медеу болѓан іазаі та А.Байтұрсынов болса, татарда тап осы Ѓ.Тоіай болатын.
Ѓ.Тоіай поэзиясы – көктемнен де әдемi суреттi, теңiздей терең, даладай кең, асіар таулардай биiк. Оның азаматтыі поэзиясы элем әдебиетiнiң мұзарт шыңдарынан өзiне сай орын алады. Ол тек татардың аіыны емес, адамзаттың акыны болып болашаііа аяк баса бередi.

М.Б.Сабыр, филол. г.д., Батыс Іазаістан гуманитарлыі академиясы

(Чыганак: Проблемы формирования евразийского мышления: Сб. мат-лов 5-ой Междунар. науч.-практ. конф./Под ред Р.А.Абузярова. Уральск, 2008. – 220 с.)



 

Комментарий язарга


*