ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Алдандым

(Лермонтовіа елiктеп)

Бұрынѓыдай, алдыңа кеп, бас имеймiн, мен іазiр,
Айрылыстыі, алыстадыі, бөлек кеттiң сен іазiр.
Аят емес ендi маѓан әмiр етiп айтіаның,
Сұлтан да емес көңiлiмде ренжiткенiң, шаттыѓың.
Сен де ұмыттың. Мен саѓан ендi еркiмдi бермеймiн,
Бiр шатасіан, лаѓып бiткен, бос іиялѓа енбеймiн.
Жетер күндi! Босіа өткiздiм әлденеше жылды мен,
Іусам даѓы жете алмаспын гулей соііан желдi мен.
Телмiрдiм мен, бас айналды, сыйіырлады нұр көзiң,
Ендi бiлдiм, іол жетпестей көкте екен жұлдызың!
Іолды сiлтеп, безген едi жас жүрегiм жалѓаннан,
Көрдiм дұшпан бәрiн даѓы, тек сүю боп сенi арман.
Бiлмейдi ешкiм: өттi күндер, аяѓыңа бас ұрдым.
Өттi босіа кейбiр түндер «аһ!» ұрдым да, асылдым.
Елiме еңбек етер едiм, алданбасам, сүймесем,
Мен аіымаі, махаббаттың отына жастай күймесем.
Ұлт жолында жаным берсем, өлтiрмес ед ел менi.
Іыяметке дейiн солай, іадiрлер ед ел менi.
Наздандың сен, еркеледiң – неге алдадың сол кезде?
Дәл іазiргi суретiңдi жасырдың сен сол кезде?
Жырымды да, жанымды да арнадым мен, тек саѓан,
Уа, аруымi Өзiң айтшы, не берiп ең сен маѓан?
Хош бол, жаным! Сүймеймiн мен сенi даѓы, басіаны,
Сен сүйе бер тауып ал да, таѓы менен басіаны!
Ендi бiлдiм. Іыздың бәрi арбайды да алдайды.
Кiм алдамас, сен де алдадың, ендi көңiл нанбайды!
Кешiр менi, мен тәкәппар, саѓан имен басымды,
Кеттiм мiне, сырт айналып, сен де име басыңды.
Менде ендi тәңiрi жоі, алдаймын да арбаймын,
Көздi жұмып, кiм болса да, арбаймын да алдаймын.
Көздiң жасын төкпеймiн деп, ендi алдап жүремiн,
Кiм болса да, басіалармен, ойнаймын да, күлемiн.
Іолыңды бер! Аіырѓы рет, іаттыраі бiр іысамын,
Ойламадым, ендi сенi, «сүйемiн, я іұшамын»…
Аіылсызбын! Өзiме — өзим іарсы болдым. «Мен де мен»,
Шаіырѓандай жердiң жүзi соѓысуѓа менiмен.
Таѓы да айтам! Саѓан жанды, бар арымды бергемiн,
Сен опасыз, түсiнбедiң, іадiрiмдi бiлмедiң.


1908


Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Алдандым" шигыре).


(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

Комментарий язарга


*