Уа, тәңiрiм! Алтынды ал, жер бетiнен алшы, сен.
Iзгi жердi күйдiретiн бұл өртiңдi алшы, сен.
Бұл дүниеде орын іалсын перiштеге, іұстарѓа,
Жансын алтын дозаѓыңа, сен жеңбейтiн күш бар ма?
Сап-сары боп шайтан алтын дозаѓыңа жанса екен,
Күнакардың барлыі өшiн осы алтыннан алса екен.
Ибiлiсiң де, шайтаның да бiзге ешнәрсе іылмас-ты,
Жоѓалса екен осы шайтан, сап-сары алтын албасты.
Бұл халыіты бұзып бiттi, жындандырды, аздырды,
Іызыітырды, жылтырады, тура жолдан жаздырды.
Ойласам мен, бұл дүниенi кезiп іайда жүрмедiм,
Тек алтындай сары албасты, шайтаныңды көрмедiм.
Іайда барсам барлыѓы да осы алтынның іұлы екен,
Алтын деген әдiлеттiң барып тұрѓан соры екен.
Бұл халыііа: iзгiлiк те, туралыі та, дiн де алтын.
Іұран, 3әбур, Тәурат, Iнжил (1), баліып тұрган күн де алтын.
Іұран, 3әбур, Тәурат, Iнжил — ескi дiн кiтаптары.
1907
Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Алтынга каршы" шигыре).
(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).