ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Аты жоі өлең


Тербетпек болсаң халыі жүрегiн сен,
Ойласаң сол халыітың тiлегiн сен!

Сен онда: ащы іасiрет күйiн жырлат,
Не керек ойын, күлкi күйiн жырлап.

Іараңѓы, тым көңiлсiз — өмiр жолы,
Дүниеде кiм болса да көредi оны.

Жүрегi тiлiм-тiлiм жараланып,
Жатады жасырын ѓана күйiп-жанып.

Сорлы адам!i Сырттан ойнап, сырттан күлiп,
Іайѓы ойлап-жанады ол, iштен тынып.

Бұл өмiр — мереке, ойын заманы емес,
Іайѓысыз кiсi болса, адам емес.

Мае адам, тек, уаіытша тым көңiлдi,
Өзi iшiп есiрген соң ащы уды.

Дейдi мас: «Дүние іызыі… көп тамашаң..
Адам жоі дүниеде менен асар!»


1909


Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Сәрләүхәсез" шигыре).


(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

 

Комментарий язарга


*