Іара іас, мөлдiр көздi сұлуменен,
Кездесiп кей уаіытта отырам мен.
Көргенiн, бiлгендерiн сөйлейдi іыз,
Жымиып әлденеге іаѓып елең.
Көзiнен мен көзiмдi аудармаймын,
Сол іызга бiр іадалып іалѓандаймын.
Тыңдаймын, не айтса да «дұрыс» деймiн,
Бiр әсер іыз сөзiнен алѓандаймын.
Шыны сол! Тыңдамаймын оның сөзiн,
(Сен бұган ренжiме бiлсең өзiң)
Естiмен, түсiнбен де айтіаныңды,
Кей кезде отырамын етпей төзiм.
Менсiнбей, сөйлегенiн отырамын,
Мылжыңдап, жоіты сөйлеп отырѓаның.
Одан да «сүйем» деген сөзiн ѓана
Тiлейдi осы іыздан менiң жаным.
Іараймын ерiнiне, тiсiнеде,
Іараймын кеудесiне, төсiне де,
Мұрыны, аузы, иегi, бiлегiне
Іараймын тырнаѓының ұшына да.
Отырам, сөзге іүлаі салѓандай боп,
Жүзiне көз жанарым іанѓандай боп,
Іозѓалса іысыламын, іымсынамын,
Жанымнан сұлу кетiп іалѓандай боп.
Ойлаймын осы іызды перiште деп,
«Сөйлемеу ұсаі сөздi келiстi» деп,
Өзiмдi төмен көрем сұлуымнан,
Ойлаймын сенiң орның ѓәрiште (1) деп.
Менiңше, ол жаратылѓан сүйiлуге,
Сүюге, іуануга, сүйiнуге.
Ѓашыітар, мен сияіты іайѓы шегiп,
«Іолыма түспедi-ау» деп күйiнуге…
Менiңше ол, өз іадiрiн сезсе екен,
Бiржола дүниеден іол үзсе екен,
Іайѓы не? Шаттыі неге? Өмiр неге?—
Дегеннен, бiржолата безсе екен.
Көргендей іайран іалып тамашаны,
Дерт шалып, аіылым да адасады.
Іұмартып ұстаймын дәп бiлегiнен,
Ой мен іол аласұрып таласады.
Осылай іызыі, тәттi мезгiл де өттi,
Іасымнан тұрды даѓы іыз да кеттi.
«Тоіташы, іұшаітайын!» десем даѓы,
Түсiнбес, әлi жас іой, «сүй!» демектi…
Ѓәрiш — көк, аспан.
1907
Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Утырышу" шигыре).
(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).