ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Іайыршы


Іыс, боран, ызѓарлы ауа, жапыраітай боп іар түстi,
Жел іуады, іар борайды, жел менен іар тартысты.

Үскiрiк жел iшiн тартты, борандатып іар кеттi,
Сол уаіытта мешiт жанына іалтылдап соіыр шал кептi.

Осы жерде тарады ол, іұдайдың жазѓан күнi,
Іолында іапшыі, тiленедi: күз де, іыста, жаз күнi.

Аяйсың, сен! Аяйсың сен! Тым іиын-ау, тым іиын!
Іол созады: «Берiңiз! — деп, — бiр теңге емес, бiр тиын!..»

Сiзге айтайын: өткен күнде бұл кiсi бiр бай едi,
Жегенi бал, іант пен шекер, тамаѓы тек май едi.

Соіырыңның шыііан едi бұл Іазанѓа даңіы да,
Ханкерман мен Астрахань таңданатын даңіына.

Дүкендерi іисапсыз көп, керсең іайран іаласың!
Гүл ме, әлде баріыт, жiбек, не сұрасаң табасың.

Тройка аттар, әсем шана, әшекейлi фаэтон,
Іайда екен түлкi iшiк, асыл киiм, жанат тон?

Тамаша едi! Тамаша едi! Іазiр халi тым іиын.
Көрсеңiзшi,  тыр жалаңаш,  берсеңiзшi бiр киiм.

Бiр уаіытта хазреттер шұлѓитұѓын бастарын,
Тiлек тiлеп, оіушы едi дұѓалы ыіыластарын.

Жалбаң іаѓып, басын изеп, сан іұбылып, іылмыңдап,
Алдында оның жорѓалайтын бәйек болып, жылмыңдап.

Кайда кеткен, бiреуi жоі жан аямас достарың,
Іашіан ба, элде? Сол достарың — Ѓайнугiң, Ахмуштарың.

Аяйсың, сен! Аясың, сен! Тым іиын-ау, тым іиын!
Іол созады: «берiңiз, — деп,— бiр теңге емес, бiр тиын!»

Намаз сайын іайыр тiлеп, көзiн сүзiп, аллалап,
Хазрет те өтедi тек, бұл соіырѓа бiр іарап.

Е, солай ма? Малың барда, бәрi таныс, бәрi дос…
Малың бiтсе, кетер іашып, керегiң не? Іош бол, іош!

 

1907

Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Теләнче" шигыре).

(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

 

Комментарий язарга


*