ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Сен болмасаң


Уа, аруым, жанбас едiм жандырушы болмасаң,
Көздiң жасы тамбас едi, тамдырушы болмасаң.
Өтер едi бiр минутте-аі, бұл іайѓылы, шерлi күн,
Сен сыйіырлап, мұндай күйге салдырушы болмасаң.
Мен ѓашыітыі теңiзiне батпас едмм  мұңданып,
Бойымды алып, сен, есiмнен тандырушы болмасаң!
Сен ойыма түскенiңде, ай мен күнге іараймын,
Іарамас ем мен оѓан да, азѓырушы болмасаң.
Бұл жалѓанды тастар едiм, бәрiнен де безер ем,
Саѓан іарап, көздiң нұрын іандырушы болмасаң,
Тiзе бүгiп, іұлдыі тәңiрi алдында тұрар ем,
Сайтандайын тура жолдан жазѓырушы (1) болмасаң: —
Әз өзiме іастыі етiп, сенделмес ем босіа мен,
Дұшпандыі от жүрегiмде жандырушы болмасаң.
Кей уаіытта күлмес едiм, естен танып Мәжнүндей,
Алдап менi бойды билеп, талдырушы болмасаң.
Осы өлеңiм елең болып шыіты ма?— Өзiм бiлмеймiн,
Бiлер едiм, аіылымнан тандырушы болмасаң!


(1) Жазѓырушы (татарша) – тайдыру, терiс жаііа кету.

1907

 Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Син булмасаң!" шигыре).

(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

 

Комментарий язарга


*