Айрылып кетсем де өмiр таңында мен,
Сүйiп келдiм Іазан арты! (1) таѓы да мен.
Тартады менi өзiне орман, далаң,
Сенi көрмей тұрѓан соң, көңiлiм де алаң:
Өссем де сенде паіыр, жетiм болып,
Көрсем де кемшiлiктi іорлыі көрiп.
Ол уаіыт кеттi ұшып іұс сияіты,
Ойласам ол күндерiм түс сияіты.
Толіының батырмады соііанменен,
Өртiңе шарпылмады менiң денем.
Түсiндiм, сол себептен туѓан жерiм,
Сүйкiмдi толіының да, өртiң сенiң!
Аулым, жүрген жолым, жасыл іұраі,
Кең далаң, сылдыр іаііан күмiс бұлаі.
Көктемiң, жазың, күзiң, іыс күндерiң,
Мен сенде шабатамды сүйреткемiн!
Үрген ит, маңраѓан іой, сыйырларың…
Жез тырнаі, бөрiңдi де сүйем бәрiн!
(1) Іазан арты — Іазан іаласының іазiргi Арша жаѓын татарлар бұрынѓы кезде "Іазан арты" деп атаѓан.
1907
Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Туган җиремә" шигыре).
(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).