ТАТ РУС ENG

Ниетова А.С. Абай мен Ѓ.Тоіай шыѓармаларындаѓы сабаітастыі

Орыс коѓамында XIX гасырдың екiншi жартысында пайда болѓан еуразиялыі идеясы көптеген ұлттар мен ұлыстардың мекенiне айналѓан Еуразия континентiнiң озыі ойлы адамдарының жүрегiне жол тапты. Осындай озыі ойлы тұлѓалардың алдынѓы катарында іазаі халіының ұлы аіыны Абай Кұнанбаев пен татардың талантты ұлы Ѓабдолла Тоіай есiмдерi аталатыны сөзсiз.
«Бiздiң іазаі халкына Ыбырай Іұнанбаев іандай кұрметтi болса, Ѓабдолла әфәндi ноѓайларга да сондай едi» – деген М.Дулатовтың сөзiнiң астарында туысіан татар-іазаі халыітарының рухани сабаітастыѓы жатіандай.
М.Әуезов Тоіай шыѓармашылыѓын жоѓары баѓалай келiп, оның Абай поэзиясымен рухани жаіындыѓын атап көрсеттi. Алайда Абай мен Тікайдың шыѓармашылыі іатынаста болѓанын растайтын деректер жоі. Абайдан кейiн тоѓыз жыл өмiр сүрген Тоіайдың іолына Абайдың жинаѓы түстi ме, жоі па белгiсiз. Дей тұрсак та, Оралда 12 жыл өмiр сүрген зерделi аіынның іазаі поэзиясымен таныстыѓына шүбә келтiруге болмайды. Екi түрлi аймаіта, еіi түрлi ортада ѓұмыр кешкен екi аіынның бiрiн-бiрi көрмесе де, шыѓарамаларындаѓы үндестiк, сарындастык сезiлiп тұрады. Ол көбiнесе, туындыларының халыітыі сипатынан, гуманистiк лебiздерiнен, замандастарын өнер-бiлiмге шаіыру ниетiнен туѓан өлеңдерiнен байіалады.
Жазѓаным көпшiлiкке ұнар ма екен?
Ұнаса, ұгынатын болар ма екен?..
деген Тоіай тармаітары Абайдың жастарѓа арнаѓан сөздерiмен сабаітасып жатыр:
Мұны жаздым ойланып,
Ойда бардан толѓанып,
Кiрсе iшiңе оіи бер,
Бозбалалар іолѓа алып.
Іос аіын да шыѓармашылыііа алѓаш бет алѓанда өздерiн жаңа үлгiдегi аіын етуге жәрдемшi болатын ѓылымның жайын сөз етедi. Абай жасында оіыѓан оіуын, ѓылым деп танымайды. Ендiгi арман еткенi орыс оіуы аріылы әлемдiі мәдениетке іол созу. Өзiнiң iздеп тапіанын болашаі буыннан шыѓатын іазаі жасына аѓалыі өсиетпен ұѓындырѓысы келедi.
«Жасымда ѓылым бар деп ескермедiм»,  – деген аіын сөзiнен бiлген сайын жеткенiне мiсе іылмай, зор ѓылымѓа ұмтылѓанын байіасаі:
Шат-шадыман сайрандайыі, достар, бiлiм баѓында,
Бiздi көрiп жан да, жын да таңыріасын таѓы да.
                                        ***
Көпке дейiн іалдыі ұйыітап, ойланып, көз ашайыі,
Ояна сап, өнер-бiлiм өрiне кадам басайыі, –
деп іалың ұйіыдаѓы татар іауымын «Бiлiм баѓына» шаѓырган Ѓ.Тоіайдың ендiгi жерде надандыіпен күресудiң бiрден-бiр жолы ѓылым екенiн жазбай таныѓанына куә боламыз. Бұл жолдар аѓартушылыі жөнiнде үлкен іияѓа жол тартіан жаңа аіындардың адамгершiлiк бейнесiн танытады.
Табиѓат кұбылыстары, өмiр мен өлiм жайындаѓы тебiренiстерiнде де Абай мен Тоіайдың бiр-бiрше үндесетiн, жуыітайтын тұстары аз емес. Жансыз табиѓатіа дем берген Абайдың «Жазѓытұры» өлеңiндегi  көркемдiі жаңаша түр Ѓабдолла аіынның «Жазѓы таң» өлеңiнде жалѓасын тапіандай:
Абай: Күн  – күйеу, жер – калыңдыі саѓынышты,
Кұмары екеуiнiң сондай күштi – десе,
Тоіай: Нұрланды маң, кербезденiп, жайлап келiп таң атты.
Жүзiндi мұң, тартіан солѓын, жердi іимай ай батты –
немесе
Абай:  Азалы аі көрпесiн сiлке тастап,
Жер күлiмдер өңiне шырай берiп,
Токай: Шымылдыітан шыѓып, іыр мен дала жасыл түске ендi,
Иыѓынан іара шапан сыпырылып түстi ендi – дейдi.
Ұісас сурет, жанды көрiнiстерден іос акынның да жаңаша түрлердi өздерiне машыі еткенiн  жазбай тануѓа болады.
Абайдың да, Тоіайдың да шыѓармаларының идеялыі-эстетикалыі баѓытын іоѓамның әлеуметтiк сипатын бейнелеген туындылары айіындайды. Абай өз халіын «калың елiм, іазаѓым» деп бай-кедейге бөлмей тұтас сүйсе, Тоіай іалың бұіараны еркiндiкке жету жолындаѓы азаттыі күреске шаіырады. Бұл тұста Ѓабдолла шыѓарамаларында 1905 жылѓы орыстың буржуазиялыі революциясының әсерi, ел iшiне жайыла бастаѓан демократиялыі пiкiрлердiң ыіпалы танылады. Ол өз өлеңдерiнде әлеуметтiк теңсiздiкке терең бойлай отырып, еңбекшi елдiң мүддесiн көздейдi, халыітың азаттыі күресiне жалынды жырымен куат бередi.
Тоітай тұр, уаіыт келер, көрдей іұсар,
Байлыіты мезгiл жетер сен де іұсар!
Халыіпен неге мұнша ойнаѓаның?
Халыі па елтiрi деп онлаѓаның!
Алдыңда сот та даяр, от та даяр,
Бiлiп іой, халыі сенi отіа жаѓар! –
деп халыі дұшпандары, алпауыт байларѓа іарсы шыѓады. Ал Абай «Іараша, желтоісанмен сол бiр-екi ай» өлеңiнiң соңында:
Байда мейiр, жалшыда бейiл де жок,
Аңдыстырѓан екеуiн, кұдайым-ай, –
дей келе,
Жас бала, кемпiр – шалын тентiретпей,
Бiр кыс саіта, тас болма, сен де оѓұрлы –
деп елдегi әлеуметiк теңсiздiктi іаншама терең тани тұрса да, халыіты ашыі күреске шаіырмайды, іайта ымыраѓа, кешiр-iмдiлiкке үндейдi.
Іос аіын шыѓармаларындаѓы таѓы бiр үндестiк, екеуiнiң де тiл тазалыѓына, оның бөтен сөзбен былѓанбауына, поэтикалыі тiлдiң жалпыѓа түсiнiктi болуына айрыіша көңiл бөлуiнде. Тiлiмiздi орынсыз іолданылып жүрген араб, парсы сөздерiнен тазартіан Абайдың:
Бөтен сөзбен былѓанса сөз арасы,
Ол – аіынның бiлiмсiз бейшарасы –
деген сөздерi татар аіының да көкейiдегiсiн дөп басады.
Өз халіының ауыз әдебиетiмен, шыѓыс әдебиетiмен танысіаннан кеiнгi аіындардың сусындаѓан бұлаѓы орыс және алем әдебиетi екенi даусыз. Олай болса екеуiнiң де шыѓармашылыѓында аудармаларының алар орны ерекше. Аударма жасауда екi аіын да орыстың А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов сияіты каламгерлерiне бет бұрады. Татар әдебиетшiсi Р.Ш.Башкуров «Тоіайдың орыс әдебиетiнен аударѓандары» атты кiгабында (Іазан 1958, 16-17 б.) Абай мен Тоіайдың аудармашылыі принциптерiн салыстыра келiп, олардаѓы ортаі, ұісас жайттарѓа тоіталады. Аударып отырѓан шыѓарманың идеялыі тынысын, рухын терең жеткiзiп беру, түпнұсіадан сырттай алыстаѓан тәрiздi көрiнгенiмен, шын мәнiнде соѓан анаѓұрлым жаіын келу – Абайѓа да, Тоіайга да тән іасиет. Бұл Абай мен Тоіай аударма жасауда әрдайым бiрдей келiп, іатар түсiп отырады деген сөз емес. Әріайсысының аіындыі таланты мен шыѓармашылыі мұратына сай өзiндiк өзгешелiктерi бар. Мысалы: М.Ю.Лермонтовтың И.Ф.Шиллерден аударѓан «Дитя в люлке» деген небәрi екi жол өлеңiн әр аіын өзiнше аударады. Тоіай өз тiлiне «Бесiктегi бала» деп тым еркiн аударып, өз жанынан көбiрек іосіан:
Баіытты ѓой бөбек деген! Тар бесiк те оѓан кең,
Шаліыѓан терең теңiз де, тобыѓынан келмеген;
Өткен күндер, есейiп, жiгiт болар, ер болар,
Шексiз, шетсiз кең элем, көрден даѓы бұѓан тар –
дей отыра, іосаліы көркем штрихтар мен фразеологиялыі, идиомалыі тiркестердi көбiрек колданса, Абай:
Кең жайлау – жалѓыз бесiк жас балаѓа,
Алла асыраѓан беңдесi аш бола ма?
Ержеткен соң, сыймайсың кең дүниеге,
Тыныштыі пен зар боларсың баспанаѓа –
деп, түпнұсіадаѓы негiзгi ойды тереңiрек ашып беруге ұмтылады. Бiрак Абай мен Тоіай бiр маісатіа  әріайсысы өзiңдiк көркемдiк тәсiлдер аріылы жетудi көздеген.
Абай мен Тоіай – көпіырлы іаламгерлер, олар – лирик, сатирик, әрi сыншы. Адамзатты алаламай бауырындай сүйген Абай мен Тоіай – бiр ұлттың шеңберiнен шыѓып, жұртшылыітың сүйiктiсiне айналѓан тұлѓалар.
Туысікан татар халіы іазаітың ойшыл аіыны Абайды өзiнiң Тоіайындай ардаітаса, іазаітар да Тоіайды сондай кұрметтейдi.

 

А.С.Ниетова, М.Өтемiсов атындагы Батыс Казаістан мемлекеттiк университетiнiң оіытушысы


 (Чыганак: Проблемы формирования евразийского мышления: Сб. мат-лов 5-ой Междунар. науч.-практ. конф./Под ред Р.А.Абузярова. Уральск, 2008. – 220 с.)


Комментарий язарга


*