ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Ауыл жырлары (Бiрiншi үзiндi)

 

(Әр түрлi әнмен айтуѓа болады).

Жаным, шашың бiр күлте, жеккен атты үркiттi,
Баязитов «Нұр» газетiн, (1) іалай жазып үлгiрттi?

Жұмыр тұяі тайда бар, сұлу іыздар байда бар,
«Ахбар» ыңды асыраѓан (2), байлар іайда? Іайда олар?

Талдан іұты жасадым, тар боларын бiлмедiм,
Жазылып ем «Ахбар»ѓа, жабыларын бiлмедiм.

Үйрек ұшар, іаз жүгiрер, аяѓы ұзын болѓан соң,
«Тәржiман»ның iшi күйдi, «Ислах» (3) іызыл болѓан соң.

Іаф тауының аржаѓында, самырұі іұс баласы,
Үндi Минһаж (4) сол жаіта медресе салмаішы.

Бояушының бояуы, аі та болар, көк болар,
«Тоітатты» дөп «үкiмет», айла тапіан текке олар.

Бiздiң көше аріылы, аѓар судың саліыны,
Тарта Іазан жастарын, Рамиевтар алтыны.

Арѓы жаіта алма аѓаш, бергi жаіта болмаѓан.
«Мир-әт» (5) жазбай не іылсын, ешбiр iсi оібаѓан.

Жасыл іалпаі бар екен, ол да іымбат мал екен,
Мұраттайын (6) іайыршы, бұл дүниеде бар ма екен?

Приемның есiгi, тар көрден де тар екен,
Астраханьда «Бұрһан», «Едiл» (7), екi әтеш бар екен.

Жете алмадым іусам да, жүйрiк екен, үйректi,
Иран халіы ұмытпас, шаһтан көрген іұрметi.

Шәкiрттерi сорлы екен, әнге баліып тұр ма екен,
Естiгенде күйлерiн «Ишми» (8) неѓып тұрды екен?

Мұлхималар жүзiгi, Туркияны алдаѓан,
Алданса олар алдансын, ренжiмеймiн мен де оѓан.

 

 

(1) Баязитов Ѓатаулла — ол кезде Петербургтагы әскери молла, «Нұр» атты газет шыѓгарѓан.
(2) Ахбар — 1907 жылы бiр татар байларының аішасымен шыѓарыла бастаѓан газет.
(3) «Ислах» — «Эл ислах» — газетi. 1905 жылѓы революция кезiнде ескi медресiлерге іарсы шыііан газет.
(4)  Үндi Минһаж — Минһажитдин Іадырмәти. Үндiстанда оіыѓан. Мұнда келiп: «Үндiстан медресiлерi сияіты медресi салдырамын»  деп өтiрiк айтып, аіша жинаѓан.
(5) Мир — әт — Ѓабдрашит Ибраһимов деген молланың шыѓарып тұрган кiтабы (журнал тәрiздi).
(6) Мұрат — татар байларының аішасына жалданып хажыѓа («бәдел хажы») баратын адам.
(7) «Бүрһан», «Едiл», — 1906—1907 жылдары Астраханьда шыѓып тұрган газет. Бұл екi газет бiр-бiрiмен айтысып келген.
(8) Ишми — молланың аты. Патша ахранкасының тыңшысы, реакционер.


1908

Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Авыл җырлары (беренче көлтә)" шигыре).

(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


Комментарий язарга


*