ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Бiр татар аіынының сөздерi

Жан-жаѓым тар болса да жырлаймын, мен,
Тек іана татармын деп тұрмаймын, мен.
Кеудемдi керемiн де іарсы тұрам
Атса да оі сiрә мойын сұнбаймын мен.

Бұрылман оңѓа, солѓа басам алѓа,
Кездессе жолда бөгет аударам да —
Іолда іалам тұрѓанда, жас аіынѓа.
Іоріу деген немене жалын жанѓа.

Дұшпаным күштi екен деп бас ұрмаймын,
Бiз күштi Ѓали, Рүстем (1), батырдаймын,
Толіынды, күркiреген бiз бiр теңiз,
Шексем де іайѓы, іасiрет жасымаймын.

Еритiн жаісылыііа балауызбын (2),
Маітайтын iзгiлiктi бал ауызбын.
Сезгенде жамандыіты тұралмаймын,
Іасарып, іайрылмайтын мен жауызбын.

Көргенде жамандыіты күйiп, жанып,
Түрткендей таяіпенен тишымды алып.
«Жарай ма осыларың» дегендей боп,
Жiберем «аіымаі!» деп бетке іаѓып.

Нахаітан бiреу атса, оѓын оѓан,
Деймiн: «дос, бұл iсiңiз жарамаѓан»,
«Жаңылыс атып тұрсың ол оѓыңды»,—
Деп айтам, іадалса да оі және маѓан.

Жазѓанда жырым күштi көңiл түсiп,
Кейде өлеңiм шыѓады шала пiсiп,
Жүректен кейде бұлбұл ұшырсам да,
Кей кезде мыяулайды бейне мысыі.

Маітаймыз сан іұбылѓан әсем түстi,
Дәмдi де бола бермек ащы-тұщы.
Жазсам да ащы-тұщы өлеңдi мен,
Бәрiнен асыл іайрат, ниет күштi.

Пушкин мен Лермонтовтан алып өрнек,
Өрлеймiн жоѓарыѓа іұлаш сермеп.
Дауыстап тау басына шыісамдаѓы,
Сұраймын: «жыѓыламын, іолың бер!» деп.

Жол іысіа, ойлаѓанѓа жетемiз бiз.
Не іиял, түрлi ойѓа кетемiз бiз…
Мен көрде түзелетiн аѓаш емен,
Жүрекке тәңiрiм жаѓар жарыі жұлдыз.


(1) Гали, Рүстем — ертедегi дiн аңызындаѓы батырлар.
(2) Балауыз — майшам.

1907

Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Бер татар шагыйренең сүзләре" шигыре).

(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

 

Комментарий язарга


*