ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Бiздi орынсыз жамандайды

Жоі дейдi бiзде әдiлдiк, орнына оның жалѓан бар,
Көрмесiнде өсектiң, алтын медаль алѓан бар!

Тазалыі та жоі дейдi, о да етiрiк туѓандар!
Іараңызшы, үй сайын, іол жуатын кұман бар!

Жоі дейдi: бiзде зор ѓалым, интеллигент. Нанбаңдар!
Бұхара мен Іарѓалыда, отыз жыл оіыѓан, моллам бар!

Бұл татарда аіша да жоі, байлыі та жоі, деп соѓады,
Көше сайын іайыршылар тiленiп іол созады.

Өнерi жоі, кәсiбi жоі, дейдi бiздi дұшпандар,
«Іұдай жолы» деп алдап, мал табатын ишан бар.

Закон бiлмейд, юрисi жоі, надан дейдi татарлар,
Бар базарѓа! Закон айтып, шошаңдайды саіалдар.

Дәрiгер жоі деп таѓы да жамандаиды дұшпандар,
Ауруларды ясин (1) оіып, үшкiретiн мыстан бар.

Инженер де жоі дейдi, олай емес, «күпiрге» бар. (2)
Өлшейдi олар иыѓыңды, аяѓыңды, бойыңды дәл.

Аіыны жоі деп бiреулер, кейде бiздi тек жамандар,
«Таһир» менен «Бозжiгiттi» (3) әнге салып сарнаѓан бар.

Бiзде тұрмыс тым көңiлдi, неге керек жаңалыітар?
Жоламаймыз жастарѓа бiз, бұзыі олар, шалбары тар.

Бәрi де арам ойын-күлкi, дейдi: «Олардан саітаныңдар!»
«Һидаядай (4) бетке ұстайтын бiзде шойын іаліан бар.

Мұфтиi (5) жоі, пәлен де жоі… түген де жоі,— дейдi олар,
Ұзын бойлы, айбыны зор мүфти де бар — Мұіаммедьяр. (6)

Сүретшi жоі, шебер де жоі, дейдi бiзде, кей дұшпандар,
Мiне, даяр Мекке менен Мәдиненi сатып ал! (7)

Таза асхана, іонаіүйi жоі, деп бiздi жамандар,
Сасып жатіан «Сарай» менен, былыѓып бiткен «Бұлѓар» (8) бар.

 


(1) Ясин — өлгелi жатіан адамның жанында оіылатын, іұранның ең іасиеттi деп саналатын бiр аяты.
(2) Купiр — Іазанда шөп базарындаѓы («Пiшенн базары») бiр көшенiң бұрышы. Бұл бұрышта күн сайын ескi, дiншiл моллалар, байлар жиылып, жаңаша киiнген, шаш іойѓан адамдарды, іатын, іыздарды мазаітап, бiреуiнiң бойын, бiреуiнiң аяѓын келеке іылады екен.
(3) «Таһир», «Бозжiгiт» — ескi іиссалар.
(4) Һидая — схоластика, дiн жөнiндегi оіу іұралы.
(5) Мұфти — дiн іоѓамының, дiн басіармасының бастыѓы.
(6) Мұхаммедьяр — сол кездегi мұфти — Мұхаммедьяр Сұлтанов.
(7) Мекке, Мәдине — Арабстандаѓы, Мұхаммет пайгамбар тұрѓан іалалар. Бұл іаланың суретiн салып, кейбiр дүкендер осы суретпен сауда iстейтiн едi.
(8) «Сарай», «Бұлгар» — сол кездегi Іазандаѓы іонаі, үй.

1907

 Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Авыл хатынының бала тирбәткәндә өмидләре" шигыре).

(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

Комментарий язарга


*