ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Дүние бұл

Уа, көңлiм ренжiме, дүние шiркiн осылай,
Зәһәрлi уын жұтіызар, дүние шiркiн осылай.

Москва малын iшiп-жеп, семiрген соң жарылып,
Көкке ұшты күлi Сайдаштың, дүние шiркiн осылай.

Iзденсе де тырбаңдап, ешбiр пайда табалмай,
Сатты дiнiн бұл мырза, дүние шiркiн осылай.

Бiр уаіытта Рәшиттiң (1) даңіы кеттi жер жарып,
Іарнын сипап ол жатыр, дүние шiркiн осылай.

Бiр уаіытта «Тәржiман» (2) надандарды семiрттi,
Жазылды былшыл лұгаттар (3), дүние шiркiн осылай.

«Ха-ха-ха» журналы, ха-ха-халап күлдi де,
Төрт номерiн шыѓарды ол, дүние шiркiн осылай.

«Азат халыі» газетiн, түзу жолдан тайдырды,
Һади абзи жолы деп, дүние шiркiн осылай.

Мен бұлардың бiреуiн сөкпес едiм ренжiтiп,
Тидi тiлiм, амалсыз, дүние шiркiн осылай.
 

 

(1) Рашит іази – зор молда, ишан (Рашит Ибраһимов).
(2) Тәржiман — сол кезде Іырымда шыѓатын түрiкшiл газет.
(3) Лұгат — словарь, сөздiк.

1906

Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Дөнья бу, йа!" шигыре).

(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

 

Комментарий язарга


*