ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Хор іызына

 
Жұмаіта көрсем егер ай бетiңдi,
Көремiн ай бетiңде сәулетiңдi.
Бiлемiн, сыйіырлайсың табындырып,
Әлде не афсун (1) оіып баѓындырып.

Жұпар тән, бұраңдаѓан нәзiк белi,
Ойлаймын түстi ме деп көктен сенi.
Сүйем сенi, жан іаліам, сүйемiн мен,
Жолыңда жанамын да, күйемiн мен.

Жүрсем де жер бетiнде сүрiп өмiр,
Жұмаііа ұмтылады бiздiң көңiл.
Һәр сөзiң нұр іұяды жүрегiме,
Шарі ұрып жеткендеймiн тiлегiме.

Көк үшiн жаратылѓан сенiң тәнiң,
Тiлiңде зiлiрi (2) бар бiр алланың.
Сыңіылдап, бұлбұлдан да үнiң артыі,
Көрген жан күйiп жанар, тым іұмартып.

Жаралѓан iзгiлiктен сенiң тұлѓаң,
Алдыңда күнәкар жан мен бiр тұрѓан.
Аруы — арулардың еркетайы,
Шолпаны, таң жұлдызы, күн мен айы.

Лаѓылдай жаріылдаѓан көркiң сенiң
Табылмас жер іызында сiрә теңiң.
Сүйсем де сет маітап, жырмен шаліып,
Әйтсе де, жердiң іызы сенен артыі!

(1) Афсун — сиіырлы дұѓа (үшкiру).
(2) 3iкiр — іұдайды маітау сөзi.

 

1906

Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Хур кызына" шигыре).

(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

Комментарий язарга


*