ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Махаббат

Жер көгермес, гүл ашылмас, түспей жаңбыр тамшысы
Іайдан алсын жырды аіын, болмаса алһамшысы (1)

Айтыңызшы, бiр сұлудан іандай аіын шаттанбаѓан?
Байроның ба, Лермонтов па, Пушкиннiң бе, іайсысы?

Пайдасы жоі бiр жапыраі тек іана ет бұл жүрек,
Тiлiм-тiлiм кеспесе оны махаббаттың іайшысы.

Бұ жырымды тiстерiңiң гауһарынан тұтаттым,
Көрiңiзшi, ендi iнжуден кем болады іай түсi?

Артта іалсын, мейлi, бiздiң аіындары татардың.
Алга бассын, сiлтенсiн шын, махаббаттың іамшысы.

Дүниеде маѓан ешкiм іожа да емес, ие емес,
Одан даѓы болу іызыі, махаббаттың жалшысы.

Iштен күю, iштегi азап, іандай тәттi, ләззәттi!
Бiлмеймiн мен түсiнер ме, менен басі іай кiсi?

Бар махаббат адамдары, іатарѓа, бiз тұралыі,
Іайда Фарһад пенен Мәжнүн, мен солардың таңшысы. (2)



(1) Елһам (арапша) — шабыт маѓнасында.
(2) Таңшы (татарша) — таң атырушы, сәуле берушi маѓнасында.


1908


Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Мәхәббәт" шигыре).


(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

Комментарий язарга


*