ТАТ РУС ENG

Ѓабдулла Тоіай Тiлек бiттi


Тiлек биттi іазiр менде, тiлемеймiн тiлегiмдi
Сыбанбаймын жiгерленiп ендi iске бiлегiмдi.

Болса даѓы өз еркiмде еркiндiк те, азаттыі,
Тәттi іиял, ѓажап ойлар кеттi менi мазаі іып.

Өмiр маѓан еттi сыйлыі, іайтып алды бергенiн,
Іуыс іалды бос жүрегiм: іайѓы менен шер менiң.

Солды түлдер, бiттi гүлдер, ендi шешек атпайды,
Жауыз, іатал, суыі таѓдыр іаһарымен таптайды.

Үмiтсiзбiн: күтем ендi ең аіырѓы күнiмдi,
Күтем ендi. Ең аіыргы тiлсiз, үнсiз өлiмдi!

Мысал үшiн: күзгi күннiң іысіа таяу кезiнде,
Жап-жалаңаш бiр аѓаштың бұтаѓының өзiнде,
Әлдеіалай іалады ѓой дiрiлдеген жапыраі,
«Түспеймiн, мен» дегендей боп жел ескенде іалтырап.

1908


Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов (Г.Тукайның "Теләү бетте" шигыре).


(Чыганак/Источник: Ѓабдулла Тоіай. Таңдамалы шыѓармалары. Екiншi
басылуы. Татаршадан аударѓан Жаіан Сыздыіов. — Алматы: Жазушы баспасы,
1975. — 336 бет).


 

 

Комментарий язарга


*